Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қоғамдық мониторинг қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Оның 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын негізгі қағидаттардың бірін айқындайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қоғамдық мониторинг» тақырыбында өткен брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Смағұлов хабарлады.