Қоғам өкілдерінің пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірудің басты жаңалықтарының бірі негізсіз байығаны үшін жауапкершілікті енгізу болды. Бұл ретте олар қылмыстық жауапкершілік енгізуге дейін осы норманы күшейтуге тырыспақ. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Смағұлов мәлімдеді.