2023 жылдың 26 қаңтарында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастырумен «ҚСЗИ GPS. Gylym. Pikir. Sayasat» сараптама алаңының осы жылғы бірінші отырысы өтті. «Парламент сайлауы-2023: саяси жүйені қайта форматтау» тақырыбы аясында 2023 жылғы 19 наурызға белгіленген Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы талқыланды.