Төтенше жағдайлар министрлігі қыс мезгілінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралардың барлық кешенін орындайды. Бұл ретте ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев азаматтарға дауылды ескертулерді елемеуге, ауа райы нашарлаған жағдайда алыс сапарлардан және таулы жерлерге барудан бас тартуға кеңес берді. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде ол қиын жағдайға тап болған жағдайда, 112 немесе 101 телефондары арқылы хабарласуға болатынын айтты.