Ауа райы жағдайларына тұрақты мониторинг жүргізіледі және автожолдардағы төтенше жағдайларды жою мен алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Бүгінгі күні автокөлік жиналатын үш мыңнан астам күрделі жол учаскелері анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев хабарлады.