Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің су тасқыны кезеңіне дайындығы және алдын ала гидрометеорологиялық жағдай бойынша брифинг өтті. Вице-министр Ғалидулла Азидуллиннің айтуынша, 2023 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша жазық аумақтағы қар жамылғысындағы ылғал қорының көрсеткіштері негізінен орташа жылдық мәндерден жоғары.