Қант саласын дамыту бойынша 2026 жылға дейін кешенді жоспарға сәйкес, қант зауыттарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жетісу облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдаулет Кененбаев хабарлады.