Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу үшін Қазақстанда көтерме және бөлшек сауда үшін жылына екі рет дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітіледі. Дәрі-дәрмектің шекті бағасын қалыптастыру үшін референттік баға, келісімшарттарды және импорттық бағаларды-инвойстарды өндірушілермен талдау, сапаны бағалауға арналған шығыстарды, кедендік шығыстарды, көлік шығыстарын есепке алу, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда үшін қарастырылған маркетинг шығындары секілді тетіктер көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев мәлімдеді.