Елімізде жайылымдық жерлердің жетіспеуі 8 млн га құрап отыр. Осыған байланысты былтырдан бері жерлерді тиімді игеру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов хабарлады.