«Астана Балет» театры Х мерейтойлық маусымында көрермендер назарына керемет бағдарлама ұсынады: театр репертуарындағы үздік қойылымдар, премьералар, танымал әртістермен және ұжымдармен коллаборация, гастрольдер. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында театр өкілдері мерейтойлық маусымның екінші жартысына жоспарланған негізгі іс-шаралар туралы айтып берді.