Мемлекет басшысының ветеринария жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ҚР АШМ ветеринариялық қызметке талдау мен аудит жүргізіп, саланы жетілдіру бойынша нақты шаралар әзірледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев баяндады.