Қазақстан Президенті қабылдаған сайлаудағы жаңашылдықтарға қатысты барлық қадамдар ел тұрғындарының қолдауымен жүзеге асырылды. Бұл Қазақстандағы демократиялық процестердің күшеюінің белгісі. Қазақстан Республикасы Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлауды бақылаған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) халықаралық байқаушылары осындай пікірін білдірді.