Орталық Азия елдері мүфтилерінің кеңесімен, ғылыми зерттеулер нәтижесі ескеріліп, ортақ шешім қабылданды. Биыл рамазан айы 23 наурызда басталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.