Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасы әзірленуде. Мұндай ақпаратты бүгін ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров айтты.