Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында есеп беру гастрольдік турына арналған брифинг барысында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек өткен жылы аталып өткен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы және театрдың 2026 жылы тойланатын 100 жылдығына дайындығы туралы айтып берді.