Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы дөңгелек үстелде балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Негізгі екпін бүгінгі мереке – Балаларды қорғау күні және алдағы жазғы демалыс төңірегінде қойылды. Қазақстанда балалардың денсаулығын сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник айтты.