Елдің астықты өңірі болып саналатын Қостанай облысында өткен кезеңде 176,3 млрд теңгеге азық-түлік өндірілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 17%-ға артық. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауды ұлғайту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде 80 млрд теңгеден астам сомаға 12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында өңір басшысы Құмар Ақсақалов мәлімдеді.