Биыл 1 шілдеден бастап күшіне енетін Әлеуметтік кодексте осындай мүмкіндік қарастырылған. Яғни, тиісті еңбекақы төленіп, әлеуметтік аударымдар жасалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын қайта қарау және жан басына шаққандағы норматив енгізу туралы хабардар етті.