«Кәсіптік біліктілік туралы» Заң аясында Қазақстанда ұлттық біліктілікті дамытудың элементтерін енгізу қарастырылып отыр. Бұл жүйе 2025 жылға дейін біртіндеп жүзеге асырылады. Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалық офисінің басшысы Ерасыл Жұманбаевтың айтуынша, былтырдан бері 1,5 мың кәсіпке жұмыс берушілердің талаптары бойынша біліктілік жүйесін дамытып, стандарттарын әзірледі.