Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында 1946 жылы өз жұмысын бастаған Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғар ғылыми мекеменің бүгінде атқарып жатқан жұмысы жайлы баяндады. Биылдан бастап Институт археология саласындағы іргелі зерттеулер жүргізетін бірден-бір құзырлы мекеме ретінде танылып отыр.