Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында еліміздегі киіктерге қатысты жағдайды сараптамалық талқылау өтті. ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким атап өткендей, Қазақстанда киіктер санының күрт төмендеуіне байланысты 1999 жылдан бастап оларды ғылыми мақсатта алып қоюды қоспағанда, 2024 жылға дейін пайдалануға тыйым салынды.