2022 жылы «Келінжан» фильмі қазақстандықтар көптен күткен фильмдердің тізімін бастап тұрған. Отандық кинотеатр көрермендерінің арасында жүргізілген маркетингтік зерттеу осыны көрсеткен. Бұл туралы фильмнің бас продюсері ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында Гүлнұр Мамасарипова мәлім етті. Сол себепті биыл кинотеатр желілері фильмді прокатқа алуға қызығушылықтары зор екенін жеткізді.