Ханчжоу қаласында өтетін ІV жазғы Азия паралимпиада ойындарында 131 қазақстандық спорттың 14 түрінен бақ сынайтын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек мәлім етті. Құрлықтың пара ойындары 22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында ұйымдастырылады.