Қазақстанда кітапхана мамандығының әлеуметтік мәртебесі және оның қазіргі қоғамның дамуына қосқан үлесін лайықты тану мен бағалау әрдайым назарда. Кітапхана секторына тән жалақы көлемінің аздығы білікті кадрларды ұстап қалуға кедергі келтіріп, бұл халық пайдаланатын кітапхана қызметтерінің сапасына да әсер етіп жатқанын жасырмаймыз. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз мәслихатында осылай деді.