«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп үстіміздегі жылдың 16 қарашасында «Expo» Конгресс орталығының алаңында «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАМТУ 2.0» халықаралық форумын өткізеді.Бір алаңда тау-кен металлургия саласының (ТМК) өкілдері, отандық тауар өндірушілер (ШОБ), уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдері, инвесторлар, халықаралық сарапшылар жиналып, ТМК-ны дамыту, тау-кен металлургия кешеніндегі жергілікті қамту үлесін ұлғайту жөніндегі жаңа тәсілдер, елішілік құндылықты дамыту жөніндегі халықаралық компаниялардың озық тәжірибелерін талқылайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин хабарлады.