Тау-кен металлургия саласының кәсіпорындары Мемлекет басшысының сатып алынатын тауарлардағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту қажеттілігі туралы тапсырмаларына барынша жауапкершілікпен қарайды. Бұл туралы «Тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директорының бірінші орынбасары Максим Кононов Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында мәлім етті.