«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы жыл сайын 1 маусым мен 31 қазан аралығында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде құрамында есірткісі бар өсімдіктердің өсу маусымында өткізіледі. Оның негізгі мақсаттары - қарасораны өсіруге, дайындауға және елдің оңтүстік аймақтарынан шығаруға қарсы тұру, сондай-ақ есірткіні, оның ішінде олардың жаңа түрлерін таратуға мамандандырылған ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін тоқтату. Жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындыларын Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов баяндады.