Батыс Қазақстан облысының халқын жұмыспен қамту бағытында бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Мысалы, биыл «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі Ұлттық жоба аясында 25 мың адам әртүрлі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндау барысында өңір басшысы Нариман Төреғалиев мәлім етті.