Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аймақтың үстіміздегі жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Оның айтуынша, құрылысқа, өңдеу өнеркәсібінің жекелеген секторларына, сондай-ақ көлік және сауда салаларына инвестициялардың өсімі байқалады.