Қазақстанда жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде «WorldSkills» чемпионаттары өткізіледі және халықаралық чемпионатқа ұлттық құраманың қатысуы ұйымдастырылады. Осы кезеңге дейін елімізде 90 өңірлік және 7 республикалық «WorldSkills» чемпионаттары өткізілді. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының м.а. Ақзира Қасымова осындай мәліметпен бөлісті.