Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Дүниежүзілік балалар күні: Өмірім балаларға арналады» деген тақырыптағы дөңгелек үстел өтті. Жамбыл облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Дәурен Бағжанов өз құзіреттері аясында ол балалардың бүгіні мен болашағы қауіпсіз болуы үшін бар күшін салатынын жеткізді.