Ұлттық  экономика министрлігі «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол  картасы» бағдарламаларының үйлестірушісі болып табылады. Аталған бағдарламалардың аясында кәсіпкерлерді қолдау бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру, мемлекеттік гранттар беру сынды тетіктер қарастырылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Кәсіпкерлікті дамыту: мемлекеттік қолдау шаралары» деген тақырыптағы дөңгелек үстел барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Нұрбол Жанабеков мәлім етті.