Бүгін Мәжілісте Мемлекет басшысының БАҚ заңнамасын қайта қарау туралы тапсырмасын орындау аясында әзірленген «Масс-медиа туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Осыған орай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында құжаттың басты новеллаларын түсіндіріп өтті. Сала басшысы министрлік заң жобасын мемлекет мүддесін, қоғам сұранысын және медиа саласының даму тенденцияларын ескере отырып әзірлегенін атап көрсетті.