Щучинск-Бурабай курорттық аймағына әлемнің әр түкпірінен жылына 1 миллионға жуық турист келеді. Жалпы өңірдің туристік кластерінде 600-ден астам кәсіпорын бар, мұнда 22 мыңнан астам ақмолалық жұмыс істейді. Бұл жайлы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында есеп беру кездесуінде айтты.