Қазіргі таңда Шымкентте 5 өндірістік аймақ орналасқан. Мұнда жалпы сомасы 216 млрд теңгені құрайтын 273 инвестициялық жоба іске асырылып, 8 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгінде индустриялық аймақтар өзінің экономикалық тиімділігін көрсетіп отыр. Қазынаға түскен салықтық түсімдер 59 млрд теңгені құрады. Бұл жайында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәлім етті.