Арнайы әлеуметтік төлем мөлшері әр азаматқа жеке есептеледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі hr.enbek.kz сайтын әзірледі. Оның сілтемесі еңбек жағдайлары зиянды кәсіпорындарға жіберілді. Төлемге үміткер осы сайтқа кіріп, өзінің ЖСН арқылы тіркеліп, қажетті ақпаратты ала алады. Төлемдер сомасы 208 мың теңгеден басталады.