Статистикаға сүйенсек, дәл жаңа жылдық кезеңде өрт шығу деректері күрт көбейеді. Егер күніне орта есеппен 20-30 өрт болса, жаңа жылдық мерекелерде олардың саны екі есеге артады. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов осындай мәлімдеме жасады.