Астананың жаңа аудандарын жеткілікті жылу қуатымен қамтамасыз ету үшін ЖЭО-3 бірінші кезегінің, «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» екі газ жылу станциясының құрылысы аяқталды, ол қосымша 1130 Гкал жылу қуатын қамтамасыз етті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру кездесуінде елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.