Дін саласы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тағы бір маңызды бағыты болып қалады. Бұл ретте ведомство алдында өзара байланысты үш міндет тұр. Мәселен, халық арасында мемлекеттің зайырлы құндылықтарын насихаттау, дінаралық келісімді сақтау және діни экстремизмге жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралыМинистр Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.