Былтыр қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың санын 12%-ға азайтуға мүмкіндік туды, оның ішінде көшелерде – 15%. Көшелерде жасалған қылмыстардың түрлері бойынша төмендеу байқалады: кісі өлтіру – 33%-ға; бұзақылық - 29%-ға; қарақшылық - 14%-ға; тонау – 13%-ға; ұрлық - 11%-ға. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев хабарлады.