Көлік жүргізушілерінің полиция қызметкерлеріне пара ұсыну фактілері бар. Қазір тәртіп сақшыларының арасында «Integrity check» деген бағдарлама жұмыс істейді. Осы бағдарлама аясында былтыр пара беру фактілерінің 127 дерегі анықталды. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Әкімшілік полиция төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.