«Digital Almaty-2024» форумына Иран, Үндістан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Қытай халықаралық технопарктерінің қатысатыны жарияланды. Бұл болашақта жемісті ынтымақтастықтың негізін қалауға, цифрлық технологиялар саласындағы ағымдағы тенденцияларды, сондай-ақ оларды әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешу үшін қолдану мүмкіндіктерін талқылауға көмектеседі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов мәлімдеді.