БҰҰ-ның электрондық үкіметтің әлемдік даму рейтингінде Қазақстан 28-ші орынға жайғасты, ал онлайн сервистерді ұсыну сапасының ішкі индексінде ТОП-10-ға кіріп, 193 елдің ішінде 8-ші орынды иеленді. Бұл – цифрлық экожүйе жетістіктерінің маңызды көрсеткіші. IТ қызметтерінің экспорты 2020 жылдан бастап 12 есеге өсті. Мұндай деректерді Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ержанов жариялады.