Киік санын реттеу 2023 – жылдың 6 -қазанынан бастап 24 -жылдың 10- ақпанына дейін жүргізілді. Барлығы 42 мың дара киік алынды. Бұл биологиялық негіздеме бойынша жалпы деректердің 12%-ын құрайды. Киікті алудың тәжірибесін ескере отырып, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары оларды реттеу әдісін ұсынған. Яғни түнде жарық аспаптарын пайдаланып ату және күндіз желілік коральды пайдаланып аулау қарастырылып отыр. Бұл деректерді ОКҚ алаңында «Охотзоопром» ӨБ республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры Марлен Айнабеков хабарлады.
Киіктердің мүйіздерін сату бақылау мен сауданың тиімді жүйесі әзірленгеннен кейін ғана қаралатын болады – «Охотзоопром» бас директоры
Тегтер:
білім беру