Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөнінде 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау бойынша Оқу-ағарту министрілігі тарапынан бірқатар маңызды шара атқарылып жатыр. Құжатта ведомствоның нақты позициясы бекітілген. Бұл жайлы ҚР ОАМ Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова ОКҚ алаңында баяндады.