ЮНИСЕФ-тің жаһандық есебінде әлемдегі әрбір үшінші интернет қолданушысы бала екендігі айтылған. Былтыр Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп балалардың онлайн қауіпсіздігі мен онлайн тәжірибесі бойынша зерттеу жүргізілді. Бұл деректерді ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ЮНИСЕФ-тің балалық шақты қорғау бағдарламаларының жетекшісі Айсұлу Бекмұса хабарлады.