Тәрбие ісінде балалар мен жасөспірімдер қозғалысының, волонтерлік ұйымдардың маңызы зор. Бұл бағытта Оқу-ағарту министрлігі арнайы жол картасын қабылдады. Оның аясында «Менің бауырым» жобасы іске қосылып, 3 мыңнан астам волонтер балалық шақтың бақытты өтуіне бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға кірісіп кетті. Жас еріктілердің бастамасымен мектептерде «Досболlike» - достық қолыңды соз» акциясы өткізілді. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында хабарлады.