Қазір Парламентте балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі нормаларды қамтитын өте маңызды 2 заң жобасы қаралып жатыр. Бұл – «Білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша», сондай-ақ «Әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша» заң жобалары. Бірінші заң жобасы аясында Үкімет елімізде бала асырайтын кәсіби отбасының жаңа институтын енгізуді ұсынды. Бұл туралы ОКҚ алаңында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан хабарлады.