Тауарлардың шығарылған елін анықтау мәселелеріне қатысты түзетулер туралы заң жобасы СТ – KZ және Индустриялық сертификаттардың орнына қазақстандық тауарлар реестрін құруды көздейді. Сондай-ақ салалық мемлекеттік органдардың шығарылатын тауарлардың қазақстандық қамту үлесін ұлғайтып, олардың қайда шығарылғанын растау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл нормаларды ОКҚ алаңында сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев түсіндірді.