Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі экономикалық саясаттың талдау орталығымен бірлесіп, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша микрокредиттеудің ақпараттық жүйесін әзірледі. Ол кредит алу үшін электрондық өтінім беруге мүмкіндік береді, бұл ауыл тұрғындары үшін бағдарламаның қолжетімділігін арттырады. Бұл жайында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.